Версия для слабовидящих

Отдел образования Павлодарского района

Телефон доверия: 8 (7182) 61-94-03
город Павлодар, улица Толстого, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2008@mail.ru
metodkabinet_2011@mail.ru
image
80 лет Павлодарской области
image
90 лет Павлодарскому району

90 лет Павлодарскому району


image

Х-шы аудандық Махамбет оқулары

Февраль 21, 2019


 

 

 

 

 

 

 

2019 жылдың 14 ақпан күні Достық негізгі мектебінде Х-шы аудандық Махамбет оқулары өткізілді. Сайыстың басты мақсаты – Махамбетті және Махамбеттің дәстүрін жалғастырған дарынды ақындар Фариза Оңғарсынова, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасыұлы шығармаларын ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей, мәңгілікке сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сайыс үш бағыт бойынша өткізілді: «Тартынбай сөйлер асылым» шығармашылық байқауы. Осы бағыт бойынша І орын Григорьевка негізгі мектебінің оқушысы Абылқас Жамбыл, ІІ орын Ефремовка орта мектебінің оқушысы Айгазинова Гауһар және Ямышево орта мектебінің оқушысы Ермекұлы Ернұр, ІІІ орын Шақат орта мектебінің оқушысы Зейнолла Ардақ өздерінің шығармашылығын танытты. «Ұлы арман» ән орындаушылар байқауында І орын Красноармейка орта мектебінің оқушысы Айтжан Мерейлім, ІІ орын Достық негізгі мектебінің оқушысы Ғабдулла Омархан және Шақат орта мектебінің оқушысы Иманшарипова Анель, ІІІ орын Красноармейка орта мектебінің оқушысы Таскен Ильяс Махамбеттің, Фариза Оңғарсынованың әндерін орындады. «Ел құтқарар ер едім…» мәнерлеп оқу байқауында бас жүлде Кеңес негізгі мектебінің оқушысы Шакенов Балабек, І орын Ямышево орта мектебінің оқушысы Төлеу Қыдырәлі, ІІ орын Шақат орта мектебінің оқушысы Нұртаева Диляра және Чернорецк №1 Қасымова Жанель, ІІІ орын Черноярка орта мектебінің оқушысы Исаенко Карина, Мичурино мектебінің оқушысы Махамбет Аймарал және Чернорецк №2 мектебінің оқушысы Ахмет Әділет Махамбет, Фариза Оңғарсынова, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасыұлы шығармаларын мәнерлеп, жатқа айтты. Бас жүлде және бірінші орынға ие болған оқушылар Павлодар ауданының атынан облыстық Махамбет оқуларына барады. Оларға тек қана сәттілік пен жеңіспен келуіне тілектеспіз.

 Әдіскер Султангазина А.Е.

Версия для слабовидящих
Версия для слабовидящих