Версия для слабовидящих

Отдел образования Павлодарского района

Телефон доверия: 8 (7182) 61-94-03
город Павлодар, улица Толстого, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2008@mail.ru
metodkabinet_2011@mail.ru
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
75 лет Великой Победе

image

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева олимпиадасы

 

 

 

 

 

 

 

Сәуірдің 4-і күні Павлодар қаласында «Жас дарын» мектебінде Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиада КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Бітібаева Омарғалиқызы Бітібаеваны еске алуға арналған.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдетіп оқып жүрген 40-тан аса 9-11 сынып оқушылары бақтарын сынады. Аталмыш олимпиаданың облыстық кезеңіне өткен Павлодар ауданының Красноармейка ЖОББ мектебінің оқушылары Теміртас Жанбота және Вакпаева Анель, Ефремовка ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Айгазинова Гаухар қатысты.
Ефремовка ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Айгазинова Гаухар ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, Республикаға жолдама алды. Гаухардың қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне деген қызығушылығын авторлық өлеңдер жинағынан көруге болады. Талапты қызымыз Гаухарға сәуір айының 24-26 аралығында Өскемен қаласында өтетін Республикалық Бітібаева оқуларынан сәттілік тілейміз.

Әдіскер Султангазина Айтжан

Версия для слабовидящих
Версия для слабовидящих